Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылдың жеті айында Қазақстанда білім саласына салынған инвестиция 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға төмендеп, 92,8 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Finprom.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан білім беруге салынған инвестициялардың үлесі 1,9%-дан 1,5%-ға дейін төмендеді.
Елдегі барлық инвестициялардың 51%-ы үш аймаққа – Түркістан облысына, Нұр-Сұлтан мен Алматыға тиесілі.
Түркістан облысында инвестиция көлемі 92,8 млрд теңгеден 19,5 млрд теңгені құрады. Нұр-Сұлтанға білім саласына 17,7 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға аз), ал Алматыға 10,1 млрд теңге (сомасы жылына 26,4% төмендеді) инвестицияланды.
Білім беруге салынған инвестициялар Батыс Қазақстан (1 млрд теңге), Қостанай (1,1 млрд теңге) және Павлодар (1,6 млрд теңге) облыстарында аз болды.
Жалпы алғанда, білім беруге салынға инвестициялар көлемі елдің 17 аймағының онында төмендеді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024