ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтқан білім саласындағы мәселелер орындалса, елдегі білім сапасы артады. Білім сарапшысы Өмір Шыныбекұлы Жолдауға қатысты осылай дейді.
- Жолдауда балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру туралы тапсырма берілгені өте құптарлық іс болды. Себебі осыған дейін білім саласында жүрген белсенді азамат ретінде балабақша тәрбиешілерінің өзге педагогтармен салыстырғанда өте төмен жалақы алатынын айтып, билік назарының түсуіне мұрындық болып келген едік. Енді талап орындалып, мәселе шешімін таппақ. Тарқатып айтсақ, былтыр біз балабақшаларды бірнеше ай бойы зерттеп, тәрбиеші болып жұмыс істейтін жандардың пікірін естіп, мәселені жан-жақты зерттеген болатынбыз. Соның негізінде салаға жауапты министрлікке ұсыныс жолдадық. Балабақша – ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына септесетін басты білім ошағы. Ондағы тәрбиешілерге жөнді жағдай жасалып, қалыпты өмір сүруі тиіс.
Тағы бір ақылға қонған дүние – жемқорлардың қайтарған ақшасына мектептер салу жоспары. Негізі, жемқорлардың ақшасы түптеп келгенде мемлекет қазынасынан ұрланған халықтың ақшасы екенін білеміз. Сондықтан оны тиімді жұмсап, мектеп, қажет болса балабақша, аурухана салу секілді халықтың игілігіне қызмет ететін кез келген салаға жұмсауға бола береді. Не де болса, қазір елдегі білім саласы бұрын болған кемшілік пен олқылықтарды біртіндеп түзетіп келеді. Алдағы уақытта саладан бұдан да үлкен реформалар күтеміз. Өңірдегі білім басқармалары жергілікті әкімдіктердің құзырынан алынып, тікелей Оқу-ағарту министрлігіне бағынышты болғаны абзал.
Өмір Шыныбекұлы,
білім сарапшысы, ұстаз
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024