Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Білім және ғылым вице-министрі Элмира Сұханбердиева құқық қорғау органдарымен тұтқындалды.
"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2 тамызға дейін күдікті Сұханбердиеваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген елордалық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айыпталушы 5 маусымда екі ай мерзімге қамауға алынды. Сұханбердиеваға Қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша күдік тағылғаны әлі белгісіз.
Айта кетейік, Э. Сұханбердиева 2016 жылдың сәуір айынан бастап 2017 жылдың тамыз айына дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған. 2018 жылдың қыркүйегінде ол қайтадан осы лауазымға тағайындалды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024