Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бір айда Қырғызстан жүк тасымалдаушылары 360 рет заң бұзған

Бір айда Қырғызстан жүк тасымалдаушылары 360 рет заң бұзған

Алматы. 31 қазан. 7kun.kz - 2017 жылғы қазан айының 10-ы мен 30-ы аралығында Қырғызстан тасымалдаушылары Қазақстан Республикасы заңнамасын 360 рет бұзған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлады.

Есептік кезеңде Қырғыз Республикасының 3054 автокөлік құралы тексерілген.

Тасымалдаушыларға жалпы сомасы 11,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Ең жиі кездесетін заң бұзушылық тез бүлінетін жүктерді тасымалдау сертификатының болмауы. Мұндай заң бұзушылықтың туралы 151 дерек тіркелген (40%).

Сондай-ақ, тауар-көлік жүк құжатының (CMR) болмағаны үшін тасымалдаушыларға 103 рет; салмақ және габарит параметрлерін сақтамағаны үшін 69 рет; жолаушыларды тұрақсыз тасымалдауға арналған қазақстандық рұқсат бланкілерінің болмағаны үшін 13 рет; каботажды тасымал жасағаны үшін – 11 рет; жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 6 рет; қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 5 рет және тағы басқа да айыппұлдар салынған.

 

Похожие материалы