Экономика
Бір апта ішінде Алматыдағы пәтер жалдау құны 11%-ға қымбаттаған
Бір апта ішінде Алматыдағы пәтер жалдау құны 11%-ға қымбаттаған. Негізгі өсім Алмалы, Медеу аудандарында байқалды деп хабарлайды kn.kz сарапшылары.Тұрғын үй нарығындағы жалдау бағасына жасалған мониторинг Наурыз мерекесі қарсаңындағы бір аптада Алматыдағы пәтерлерді жалдау құны жоғарылағанын көрсетті.
Қала бойынша мөлшерлеме айына 137 000 мың теңге көлемінде бекітілген. Бұл бір апта бұрығы көрсеткіштен он бір пайызға артық. Алматыда орташа есеппен пәтердің шаршы метрін 2113 теңгеге алуға болады. Қымбат пәтерді орташа жалдау бағасы айына 248 000 теңге.
Қазриэлт сарапшыларының мәліметінше, еліміздегі ең қымбат тұрғын үйлер Алматы, Астана, Ақтау және Қарағанды қалаларынан табылады.