Осы аптада нарықтың жабылу сәтінде мұнай фьючерстерінің құны айтарлықтай қымбаттады. Brent мұнайының бағасы 4,3%-ға артып, жеті күн ішінде барелліне 37,91 долларды құрады.
ICE Futures Лондон биржасында Brent мұнайының ақпандық фьючерстері 25 желтоқсанда барелліне 37,39 доллар деңгейінде ашылды. Сауда-саттық күні мұнай бағасы барреліне 37 доллардан да түсіп кетті. 13:48 АСТ уақыты бойынша Brent мұнайының бағасы 37,91 долларға өсті. Бір апта бұрын осы маркадағы мұнай бағасының көрсеткіші 36,35 доллар еді. Осылайша, жеті күн ішінде қара алтынның бағасы 4,3%-ға артты. Ал 25 желтоқсан күні Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI мұнайы барелліне 38,12 доллар деңгейінде сатылды. Соңға бес ай ішінде мұнай бағасының максималды көрсеткіші 64,85 доллар болса(1 шілде), минималды көрсеткіш 36,11 долларды құрады (22 желтоқсан). Фото:surak.szh.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024