
Morgan Stanley аналитиктері бірқатар шикізат тауарларына қатысты болжамды нашарлатты, олар ҚХР-дың "ұйқылы" өнеркәсіптік секторы шикізаттың негізгі түрлеріне деген сұранысты сақтап тұра алмайтындығын айтады.
Bloomberg агенттігі хабарлағандай, банк 2015 жылға арналған никель құнының болжамын 23%-ға, тоннасына $14815 дейін төмендетті, мыс бағасының болжамы 16%-ға, тоннасына $5945 дейін төмендетілді.
Темір кені мен көмір бағасының болжамдары сәкесінше 28%-ға және 16%-ға нашарлады.
"Осы жылдың бірінші тоқсанында сауда көлемінің лайықты маусымдық жоғарылауын көрсетудің орнына Қытайдың металл өңдеуші секторы ұйқылы күйде. Өңдеуші өнеркәсіптегі сатылымның орташа жылдық шыңына дейін бірнеше ай ғана қалды, және Қытайдың 2015 жылы шикізатқа деген баға өсімін ұстап тұру мүмкіндігі төмен", - деп айтылған Morgan Stanley шолуында.
Банк сарапшыларының айтуынша, осы жылы темір кенінің орташа құны тоннасына $57 болады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025