Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың 1 тамызында сараланған тариф енгізілгеннен кейін, "ОҢАЙ" картасын қолдану көлемі 3,5 есе көбейді. Бұл туралы «Оңай Рау» ЖШС хабарлайды.
Қыркүйектің 1-12 аралығындағы транзакциялардың жалпы көлемі 28,2 млн теңгені құрады. Бұл шілдедегі көрсеткіштен (11,8 млн) 139 пайыз жоғары. Осы айдың 12 күнде автопарктер түсімі 543 млн теңгеге жетіп, "ОҢАЙ" картасымен жасалған транзакциялар көлемі - 9 миллионға жуықтаған.
«Соңғы мәліметтер сараланған тариф енгізу шешімінің қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Қазір автопарктердің шынайы қаржылай айналымы мен жолаушылар тасымалының нақты көлемін көріп отырмыз. Қала әкімшілігіне жіберілетін бұл мәліметтер Алматы қаласының қоғамдық көлік саласын дамытуға үлесін қоса алады», - дейді «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС директоры Садир Хамраев.
Айта кетейік, "сараланған тариф" енгізілгенімен, 80 теңге көлеміндегі негізгі жолақы бағасы өзгеріссіз қалып, барлық жеңілдіктер сол қалпында сақталған.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024