Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 255 мың адамға өсті

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 255 мың адамға өсті

Бір жыл ішінде Қазақстан халқының саны 255 мың адамға көбейді. Бұл мәліметтерді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жария етті.

«2015 жылдың 1 сәуір күнгі көрсеткіші бойынша, халық саны 17 476,1 мыңға жетті. Оның ішінде, қала тұрғындары - 9 916,6 мың (55,3%), ауылдық жерлерде - 7 559,6 мың адам (43,3%). Өткен жылдың 1 сәуір күнімен салыстырғанда, осы жылы халық саны 255 мың адамға немесе 1,48 пайызға көбейді», - делінген мәлімдемеде. «Республика халқының өсімі өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 0,7 мың адамға немесе 1,2 пайызға азайған», - дейді Комитет мүшелері. Одан бөлек, жыл басынан бері үш айдың ішінде өткен жылмен салыстырғанда мигранттар 14,2 пайызға азайып, 4 165 адамды құрады. Елден кеткен мигранттар саны - 4 516 адам, көрсеткіш 11,1 пайызға көбейген.

Похожие материалы