Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — Қазанның соңында қазақстандықтар М400-дің 50 кг цемент қапшығына орта есеппен 1252 теңге төлеген. Бұл өткен аймен салыстырғанда 0,3 пайызға көп және бір жыл бұрынғыдан 5,7 пайызға артық, деп хабарлады ranking.kz.
Салыстыру үшін жылдық инфляция деңгейі (2017 жылғы қазан 2016 жылғы қазан) 7,7 пайызды құрады, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар жылына 9,4 пайызға өсті.
Цемент бағасы ең жоғары ірі қалалар мен мегаполистер қатарына Орал қаласы (жылына 12,5 пайыз), Атырау (1525 теңге, жылына 14,2 пайыз) жатады, ал, ең төмен баға Алматыда (бір қапқа 1020 теңге бір жыл бұрынғыдан 13 пайызға аз) және Таразда (1,081 тг, бір жылда + 1,4 пайыз).
Бағаның қатты жоғарылауы Семейде байқалды. Бір жылда 31,3 пайыз, цементтің бір қапшығына баға 1469 теңгеге дейін өсті.Құрғақ құрылыс қоспалары бағасы бір айда 0,1 пайыз, ал жылына 3,9 пайыз, 50 кг қапқа 4423 теңгеге дейін көтерілді.
Қазан айы қорытындысы бойынша ең қымбат баға Көкшетауда (7297 теңге, жылына +8,7 пайыз) және Жезқазған қаласында (5375 теңге, жылына +2,4 пайыз) болды. Бағаның ең көп өсу көрсеткіші Қызылорда қаласында байқалды (жылына + 22 пайыз, бір қап үшін 4074 теңгеге дейін).
Қазақстандағы цемент өндірісі бір жыл ішінде 7,5 пайызға, 10 айдың қорытындысына сәйкес 8,4 млн тоннаға дейін өсті.Өндірістің ең үлкен көлемі ОҚО-нда көрінді. Портландцемент 2,5 млн тонна, жылына 13,6 пайыз. Облыста «Шымкентцемент» АҚ, «Стандарт Цемент» ЖШС, «Sas-Tobe Technologies» ЖШС сияқты ірі компаниялар жұмыс істейді.
Өндірістің 26,1 пайызын Шығыс Қазақстан облысы қамтамасыз етті - 2,2 млн тонна, жылына 15,8 пайыз. Облыста «Семей цемент зауыты», «Қазақцемент» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар бар.
Портленд цемент көп жылдық динамикасында да өндірушілері тұрақты өсімді көрсетті. Осылайша, 2016 жылдың қорытынды көрсеткіштері 2015 жылғы көрсеткіштен 5,4 пайызға асты. 2015 жылы өндірістің жылдық өсімі 7,2 пайыз, 2014 жылы 15,1 пайызды құраған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024