Алматы. 29 қыркүйек. 7kun.kz – Биылғы қаңтар-тамыз айларында ұн және дақылдардан ұсақ ұнтақталған қоспалар өндіру 2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға аз, деп хабарлайды 7kun.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Өнімнің 1,9 млн тоннадан сәл астамы бидай және өзге дақылдардан жасалған ұнға, 138,9 мың тоннасы нан өнімдерін дайындауға арналған қоспаларға, 7,4 мың тонна ірі және ұсақ ұнтақты өсімдік ұнына тиесілі.
Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында отандық компаниялар дәнді дақылдардан жасалған ұнға сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) 98,9%-ға қамтамасыз (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 99,6%) етті. Осы кезеңдегі өндіріс көлемі жылына 1,2%-ға қысқарды, ал импорт 2,5 есеге өсті.
Экспорт, өз кезегінде, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 935,3 мың тоннаны құрап, 24,9%-ға өсті, ал ішкі нарықтағы сату көлемі, керісінше, 20,5%-ға, 757,5 мың тоннаға дейін төмендеді. 2022 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасы айына 4,3%-ға өсті – бұл 2011 жылдан бергі ай сайынғы ең жоғары өсім.
Ұн бағасының 2011 жылдан бергі рекордтық айлық өсімі биылғы жылдың сәуір және мамыр айларында – тиісінше 7,5% және 6,8% тіркелді.
2011-2021 жылдар аралығында ұн бағасының орташа айлық өсімі 0,8%-ды құрады. Дегенмен, биыл қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша көрсеткіш айына орта есеппен 4%-ға жетті. Бір жылда ұнның бағасы 41%-ға өсті.
Өңірлік тұрғыда 2022 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасының ең жоғары айлық өсімі Павлодар (12,8%-ға), Жетісу (12,4%-ға) және Батыс Қазақстан (11,9%-ға) облыстарында тіркелді.
Ұнның бағасы ең төмен динамикасы Ақмола (0,3%-ға), Ақтөбе (0,6%-ға) және Солтүстік Қазақстан (0,8%-ға) облыстарында байқалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024