
Шымкент. 13 маусым. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің өңірлері арасынан бірінші болып Біріккен Араб Әмірлігіне ет экспорттауды бастады, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.
Таяуда Шымкент халықаралық әуежайынан 1 мың бас уақ мал Фуджейра (БАӘ) қаласына жеткізілді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған жұмыстардың экспорттаушысы «Қайып ата» компаниясы болып табылды.
Біріккен Араб Әмірлігіне етті экспорттау бойынша келіссөздер 5 айдан астам уақыт ішінде жүргізілді.
Келісімшарт аясында осы жылдың тамыз айына дейін жергілікті кәсіпкерлер БАӘ-ге 60 мың бас уақ мал жеткізетін болады.Сонымен қатар, осы бағыттағы келіссөздер Сауд Арабиясы, Иран және Ирак мемлекеттерімен жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1,5 мың тонна етті экспортқа жөнелту жоспарланған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025