Экономика
IT, Технология
Бірнеше ақпараттық сайттар "істен шықты"
Бүгін таңертеңнен бастап «Транстелеком» АҚ-дағы апатқа байланысты бірқатар қазақстандық ақпараттық сайттарға кіру мүмкін болмай отыр деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстанда техникалық себептерге байланысты интернет-ресурстарға кіру әзірге мүмкін емес. Бұл туралы сайттар өздерінің әлеуметтік желілердегі оқырмандарын хабардар етті.
«Апат алғаш рет орын алып отыр. Қазір мұнымен біздің мамандар айналысып жатыр. Бір сағат ішінде бәрі қалпына келеді деген ойдамыз», - деп жазды сайттардың домендеріне қызмет көрсететін PS.kz хостингінің техикалық бөлім мамандары.
«Қымбатты оқырмандар, техникалық ақауға байланысты біздің сайт уақытша жұмыс істемейді. Көп ұзамай сіздермен қайта қауышамыз деген үміттеміз», - деп жазған Tengrinews Твиттердегі парақшасында.
Сондай-ақ vlast.kz интернет журналы да Твиттер арқылы оқырмандарын техникалық ақау туралы хабардар етті.
«Қымбатты оқырмандар, Транстелеком дата-орталығындағы апатқа байланысты біздің сайт жұмыс істемейді», - делінген хабарламада.