Алматы. 29 шілде. 7kun.kz — Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшылығын Ақтаудағы танымал балалар хирургінің біреуін жалғыз қалдырғаны үшін сынға алды.
Оның айтуынша, мұндай жағдайда денсаулық сақтау басқармасы да, кәсіподақтар да жеткілікті жұмыс істемеген.
"Біздің әріптесіміздің жағдайы бойынша. Менің ойымша, мұндағы Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайды пысықтаған жоқ. Олар істің сотқа келіп, қоғамдық резонанс тудырғанын күтті. Сіздердің облыстарыңызда кәсіподақтар бар ма? Олар клиникалардың басшылығымен және денсаулық сақтау басқармасымен, әкімдікпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Мұндай жағдайларды бейбіт жолмен шешу керек", - деп атап өтті Біртанов Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Есенғалиеваға.
Оның айтуынша, бұл мәселе қазір қоғамдық резонанс алды.
"Бүкіл ел, барлық медицина қызметкерлері наразы. Бас педиатрия институтының қызметкерлері өз пікірін айтады. Өйткені олар мұнда қорғауды және дүрыс қабылданған шешімді көрмейді", - деді министр.
Елжан Біртанов бұл ретте кадр мәселесі туындайтынын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда танымал балалар хирургінің біреуі пациенттердің бірімен дау-жанжал салдарынан бір күнін қамауда өткізгені белгілі болды. Кейін Facebook парақшасында Біртанов "өзінің кәсіби міндеттерін атқару кезінде осындай жағдайға тап болған дәрігердің жазасын шектен тыс және әділетсіз" деп атады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024