Астана. 6 желтоқсан. 7kun.kz - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын әзірлеу мен даярлау бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
«МЖӘ жобаларын әзірлеу мен даярлау бойынша ауқымды жұмыстар басталып, аймақтардың белсенділігі артып келеді. Бүгінде жалпы сомасы 19,6 млрд теңгеге 27 жоба бойынша келісімшарт жасалған. Конкурсқа дейінгі және конкурс жариялау кезеңінде 68,5 млрд теңге сомасына 27 жоба бар.
Тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінде тағы 249 жоба тұр», - деді ҰЭМ басшысы. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында жалпы құны 6,7 млрд теңгеге 11 балабақша бойынша келісімшарт жасалған, оның ішінде Семейде 1 290 орындық 5 балабақша мен Өскеменде 1 640 орындық 6 балабақша бар. Сонымен қатар жалпы сомасы 51 млрд теңгеге екі аурухана бойынша конкурс жариялау жоспарланып жатыр.
Алматы облысында 1,5 млрд теңге сомасына 7 сервистік-әзірлеу орталығының жобасы бойынша келісімшарттар жасалып, 1,9 млрд теңге сомасына 3 балабақша бойынша конкурстар жарияланды. Ақтөбе облысында Мұз сарайы, жедел жәрдем стансасы, офтальмологиялық және стоматологиялық клиникалар мен екі спорт ғимаратын жалдауға қатысты 6 жоба бойынша 9,7 млрд теңге сомасына келісімшарт жасалып отыр.
Ақмола облысында 1,3 млрд теңге сомасына екі балабақша бойынша келісімшарттар жасалған. Сонымен қатар жалпы құны 22,9 млрд теңге сомасына балабақшалар, емхана, аурухана мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын реконструкциялау және салуға қатысты 50 жоба бойынша құжаттар әзірленіп жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024