
Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ІІМ ҚАЖК түзеу мекемелерінің «Еңбек Жауғашты» филиалының директоры мен заңгері бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Директор мен заңгер бюджеттік қаражатты 187 млн теңге сомаға орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы жымқырды деп күдіктенеді. Қаражат облыстың 7 өрт сөндіру бөлімінің құрылысына бөлінген.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.
Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы үкімді олардың кінәларының деңгейін анықтау арқылы сот шығарады.