Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 170 млрд теңге бөлінді
Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттен 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 170 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.
«2019 жылдың 1 шілдесінен бастап сараланған тәсілді қолдана отырып, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы төмен қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 169,7 млрд теңге бағытталады. Ұлттық экономика министрлігі аудандық, облыстық деңгейлерде, ауылдарда тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлеріне лауазымдық жалақыны есептеу үшін коэффициенттерді арттыру жолымен бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне түзетулер енгізеді», - деді Т. Савельева
Вице-министрдің айтуынша, 37 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі.
«Орташа өсім 25%-ды құрайды, бұл ретте мамандарда - 25%-дан 30%-ға дейін, бөлімше басшыларында - 10%-дан 15%-ға дейін», - Қаржы министрінің орынбасары.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы осы мақсаттар үшін 2019-2021 жылдары бюджеттен қосымша 980 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024