Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – 14 наурызда Астанада «Дипломат» қонақ үйінде «Қазақстан-Чехия өндірістік кооперациясының» семинары өтті.
Бұл шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы машина жасаушылар одағы мен Чехия Республикасының елшілігі ұйымдастырды.
ҚР Президенті Жолдауының «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» атты бірінші басымдығына сәйкес, Қазақстанның машина жасаушылар одағы отандық индустрияландырумен және шетелдік технологияларды тартумен белсенді түрде айналысып жатыр. Аталған семинар отандық және шетелдік кәсіпорындар арасындағы кооперациялық қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған.
Чехия компанияларымен бірлескен ынтымақтастық отандық машина жасау саласын дамытуға қосымша серпін береді.
Сондай-ақ, Чехияның Қазақстандағы елшісінің орынбасары Ладислав Штайнхюбел биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Штайнхюбел мырза осы тарихи кезеңде Қазақстан Чехияның Орталық Азиядағы басты экономикалық серіктесіне айналғанын айтты. Келесі кезең — бұл машина жасау саласындағы кооперациялық байланыстарды нығайту болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024