Астана. 11 қаңтар. 7kun.kz – 2023 жылы Қазақстанда миллионға жуық азаматты жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Биыл төрт жүз мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады, миллионға жуық адам жұмыспен қамтылады», – деді премьер-министр үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол жыл ішінде түрлі сценарийлерді жүзеге асыруда үкімет елдің экономикалық саясатын түзетуге дайын екенін айтты.
«Осы жылдың соңына дейін экономиканың өсімі 4 пайыздан кем емес болады деп күтудеміз. Инфляцияны 9,5 пайыздан аспайтын деңгейге дейін төмендетуге күш саламыз, Ұлттық банкпен бірлесе жұмыс істейміз. Өнеркәсіпте, өңдеу өнеркәсібінде 1,1 триллион теңгені құрайтын 150-ге жуық жобаны жүзеге асыру және ауыл шаруашылығында 540 миллиард теңгені құрайтын 265 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда», – деді Смайылов.
Премьер-министр министрлер мен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024