Алматы. 12 қазан. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-тамызда экспортталатын тауарларға баға – 13,3%, импортталатындарға 4,5%-ға жоғарылады, деп хабарлайды ҰЭМ Cтатистика комитеті.
Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға – 19,8%, марганец кендеріне – 19,5%, мыс кендеріне – 17,6%, мысқа – 14,9%, табиғи газға – 13,6%, ферроқорытпаларға – 12,8%, темір кендеріне – 10,7%, қара металл прокатына – 10%, көмірге – 8,5%, алюминийге 8,2%-ға жоғарылады, мырышқа 11,1%-ға төмендеді. Бағаның арпаға – 14,8%, мақтаға – 6,5%, бидайға 6,1%-ға жоғарылауы, олардың жүнге 6%-ға төмендеуі тіркелді.
Импортталатын өнімдерден жеміс және жаңғақтар – 58,7%, құс еті – 19,7%, балық – 12,3%, шай – 8,5%, қант 2,2%-ға қымбаттады, какао – 6,6%, маргарин – 3%,өсімдік майы – 2,3%, макарон өнімдері – 2,2%, кофе 1,5%-ға арзандады. Баға аяқкиімге – 25,2%, қағазға – 13,8%, пластмассаға – 8,8%, тоқыма бұйымдарына 7,6%-ға жоғарылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024