Биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне арналған жиындар өткізу жоспарланбаған – министрлік
Нұр-Сұлтан. 24 маусым. 7kun.kz – Биыл 6 шілде – Елорда күні мен Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне арналған мерекелік жиындар өткізу жоспарланбаған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі nege.kz сайтына берген жауабында хабарлады.
«Биыл 6 шілде мемлекеттік мереке ретінде тойлана ма? Қазақстан халқы үшін 6 шілде демалыс күні болып қала ма? Экс-президенттің туған күніне байланысты мерекелік шаралар өткізіле ме?», – деген сауалдар жолданды.
Мәдениет комитеті төрағасының жауабы төмендегідей болды:
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабына сәйкес 6 шілде – Астана күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен 5 шілдеде Астана күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Конгресс-орталығының алаңы, ашық аспан астында жас орындаушылардың қатысуымен (opеn air) концерттік бағдарламаны өткізу жоспарлануда.
Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер ҚР еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып саналады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен Елбасының туған күніне арналған жиындар өткізу жоспарланып отырған жоқ».
Яғни биыл экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне қатысты ешқандай іс-шаралар өтпейді.
Дереккөздің мәліметінше, биыл Нұрсұлтан Назарбаев туған күнін не Дубайда, не Лондонда ет-жақындарымен ғана өткізуі мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024