Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биыл қанша отбасыға пәтер беріледі?

Биыл қанша отбасыға пәтер беріледі?

Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Жыл басынан бері тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2018 жылғы деңгейден 15,5%-ға жоғары, - деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

«2018 жылмен салыстырғанда, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Қостанай облыстары тұрғын үйді іске қосу бойынша көшбасшы атанды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласында және Маңғыстау облысында құрылыс қарқынының 32,8%-ға және 10,3%-ға төмендеуі байқалады. Бұл жалпы республикалық көрсеткішке теріс әсер етті, яғни тұрғын үйді іске қосу 1,9%-ға артта қалды. Сондықтан бұл өңірлер жеке құрылыс салушылармен жұмысты жандандыруы қажет. Жалпы алғанда, жылдық жоспарға басқа өңірлердегі құрылыс қарқынын арттыру есебінен қол жеткізіледі», – деп хабарлады ҚР ИИДМ басшысы Роман Скляр үкімет отырысында жасаған баяндамасында.

Министрдің мәліметінше, тұрғын үйді уақытында пайдалануға беру үшін құрылыс алаңдарына тиісті инженерлік коммуникацияны жүргізуге 81,7 млрд теңге қарастырылған.

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғындар үшін сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 32,8 млрд теңге көзделген. Өңірлерге 14,9 млрд теңге аударылды, 14,8 млрд теңге немесе 99% игерілді. Қаражаттың төмен игерілуі Маңғыстау облысында байқалды (82%). Биыл кезекте тұрғандар үшін 6 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. 1 шілдеде 924 пәтер (47,6 мың шаршы метр) берілді.

«Көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 50 млрд теңге қарастырылды (құрылысқа–27,6 млрд теңге, сатып алуға - 22,4 млрд теңге). Қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 9,7 млрд теңге аударылды, оның 9,6 млрд теңгесі немесе 99,6% игерілді. Барлық көздерден 7482 пәтер беру жоспарлануда. Мамыр айынан бастап 1619 көпбалалы отбасына тұрғын үй берілді»,- деді Р. Скляр



Похожие материалы