Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылы Қазақстанда бірнеше тікелей әуе қатынасы ашылады. Олар - Прага, Ұланбатыр мен Токиоға дейінгі рейстер, - деп хабарлайды «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының баспасөз қызметі.
Алғашқы екі бағытқа «Скат» қызмет көрсетеді. Мамырда «Скат» авиапаркі екі жаңа Боингпен толығады. Ұланбатырға бірінші әуе рейсі 2 маусымда жасалады. Моңғолияға билеттер сатылымға шықты.
Бұған қоса, «Скат» жазда Батуми, Краснодар, Сочиге дейінгі әуе қатынасын жаңғыртады. Бұл қалаларға тікелей рейстер Астанадан жасалады. Сондай-ақ, Ереван мен Минеральные Воды қаласына да әуе рейстері болады. Атап өтсек, бұл демалыс кезеңіне арналған маусымдық бағыттар.
Сонымен қатар, биыл Баку-Алматы, Новосібір-Астана, Мәскеу-Семей әуе қатынасы ашылмақ. Бұнымен бірге, Қазақстаннан Шанхай қаласына рейс ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024