Биыл тарихи Отанына оралған этникалық қазақтардың ең көбі Өзбекстаннан келген
Нұр-Сұлтан. 3 маусым. 7kun.kz – 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, 5679 адам қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанға, тарихи отанына оралғандардың ең көбі Өзбекстаннан. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 93,5 мың этникалық қазақ оралды.
«Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (68,7%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түркіменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% - басқа елдерден келгендер» - деп жазылған министрлік таратқан ресми ақпаратта.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ, Алматы (6%), Нұр-сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанған.
Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша қоныс аударғандардың еңбекке қабілеттілер үлесі 63,2%-ды, еңбекке қабілетті жасқа жетпегені 22,8%-ын және зейнеткерлер 14%-ды құрайды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024