Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Экономиканың сапалы өсуін және азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету - ҚР ҰЭМ-нің алдына қойылған міндет, - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
"Бұл біздің түпкі мақсатымыз, ол үшін бізде барлық құралдар бар, бірегей мүмкіндік бар, өйткені біз экономикалық өсуді күшейту және жақсарту үшін кедендік, салықтық, бюджеттік, инвестициялық саясатты үйлестіре аламыз. Тағы бір мәселе өңірлік саясат болып табылады, бүгінде жергілікті жерлердегі халықтың суға, инфрақұрылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға сапалы қол жеткізуі үшін стандарттарды енгізу қажет. Біз мұнымен айналысамыз", - деді ведомство басшысы.
Руслан Дәленов тағы бір мақсат бюджеттің кіріс бөлігін нығайту екенін айтты. Осы бағыт бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізу, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, қолма-қол ақшасыз айналымдарды ынталандыру, еңбекақы төлеу қорын көлеңкеден шығару үшін ынталандыруды енгізу, сондай-ақ "әрбір теңге пайда әкелу үшін, әрбір теңге бюджеттен тиімді жұмсалуы үшін"стратегиялық жоспарлаудың бюджетпен ұштасуы жүргізілетін болады.
"Халықтың экономикалық өсімнің арқасында әл-ауқаттың жақсаруын сезінгенін қалаймыз. Биылғы жылы біз экономикалық өсуді қамтамасыз ететін боламыз. Осы жылы біртіндеп жақсартылатын болады", - деді Ұлттық экономика министрі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024