Бизнес идеяны іздеу кезінде жұмысты өзіңізден бастаңыз. Бойыңызда қандай қабілет бар? Мүмкін қолөнермен айналысасыз немесе ұйымдастырушылық қабілетіңіз бар шығар. Осындай сараптамадан кейін ғана өзіңізге лайықты бизнес идеяны таңдауға кірісіңіз.
Идеяларды кез-келген ақпарат көзінен алуға болады. Тек ізденіс пен нәтижелі болу үшін белгілі бір жүйе қажет.
Пікірталас жүргізу. Ақыл-ойыңызды ширатыңыз!
Пікірталас, жан-жақты сараптама жүргізу - ойлау қабілетіңізді жандандырудың ең тиімді тәсілі. Жалқаулығыңызға күрес жариялаңыз!
Идеяңызды жан-жақты сынақтан өткізіңіз. Жеке өзіңіз немесе топпен бірге бірнеше критерий бойынша бағалаңыз.
- Өніміңіздің түрі қандай немесе оны қалай өзгертуге болады? Тіпті көлемі, қалыңдығы, ені деген сияқтылардың барлығы маңызды.
- Уақытпен жұмыс. Өнім тәуліктің қай уақытында пайдаланылады және ол неше уақытты алады? Жасалып жатқан өнім үшін оның уақытша сипаттамалары (ол – ақырын, тез, ұзақ, мәңгілік...)?
- Сатып алушылар үшін өнімді немесе қызметті қалай пайдалырақ, сенімді, қолайлы етуге болады?
- Түс. Жаңадан жасалып жатқан марканы визуализациялауға қандай түстерді пайдалану керек немесе бар марканының (брендтің) түс түрлерін қалай өзгерту керек?
- Қозғалыс. Өнім қалай қозғалады ( тездетеді, ақырындайды, бағытын өзгертеді, көтеріледі және т.б. ) және жалпы қозғала ма?
- Күй. Өнім қандай күйде болады – ыстық, суық, сұйық, қатты және т.б. ?
- Өнімге қандай өзіндік белгілер тән болады – күшті, әлсіз, өзгертілген, серпінді, жұмсақ және т.б.?
Бизнес үшін нарықтағы мүмкіндіктерді анықтаңыз
Жаңа нарықты табу өте қиын немесе тіпті мүмкін емес дегенді жиі естиміз. Кәсіпкерлер бұлай ойламауы тиіс. Мүмкіндік әрқашан жеткілікті. Оны табу үшін тек аздаған уақыт пен күш жұмсау керек. Интернетпен жұмыс істеу маңызды. Пайдалы мүмкіндіктерді анықтаудың ең қолжетімді тәсілі сіздің компьютеріңізде жатыр.
Идея іздеу алгоритмі мынадай – сіз тиімді идеяны таңдап алдыңыз, мысалы, «мобильдік контент». Ол туралы көп жазылып, айтылады. Көптеген бизнес басылымдарда осы тақырып талқыланады. Ғаламторда, әр түрлі ақпараттық материалдарда (мақалалар, сұхбаттар, зерттеулік есептер және т.б.) мобильдік контент және оның түрлері туралы, қазіргі дамуы туралы, қолданылуы, келешекте даму перспективалары туралы іздеу жасап көріңіз.
Осыдан кейін өзіңізде сол бизнесті шынайы түрде елестетіңіз. Сол бизнес жайындағы мақалаларды оқығаннан кейін қалған барлық білімді пайдалана отырып, компанияңыздың әр бөлігін егжей-тегжейлі елестету керек – кеңсе, техника, қызметкерлер, тұтынушылар және т.б.
Осы тәсіл кез келген бизнес идеяны анықтап, дамытуға жарамды.
Франчайзинг
Өзіңізге лайықты идеяны таңдап, өз бизнесіңізді тез және ауырпалықсыз ашудың тағы бір тәсілі - франчайзинг. Еш нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ, тек сәтті өңделген технологияларды алып, қазақстандық негізге көшіру қажет.
Біздің экономика үшін франчайзинг салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болғанымен, шет елдерде франчайзинг қоғамның әр түрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысын қанағаттандыратын құрал ретінде пайдаланылуда. Дегенмен, қазірдің өзінде Қазақстанда экономиканың әр түрлі саласында қызмет ететін 300-ге жуық франчайзингтік компаниялар тіркелген.
Көмекке шақырыңыз
Егер бизнес-идеяны табу қиынға түссе, жақындарыңыз бен достарыңызды көмекке шақырыңыз. Әдетте қоғамды толғандыратын сұрақтар тізімі төмендегідей болуы мүмкін:
- Денсаулықты қалай күту керек, жақындарыңа қалай қамқорлық жасау керек? - Өзіңді, жақындарыңды және дүние-мүлкіңді қалай қорғауға болады? - Қарым-қатынасты қалай дамыту керек? - Қалай ақша табуға болады?
Осы тәрізді сұрақтар сізге, сіздің санаңызға түрткі болуы керек. Адамдардың қажеттілігін, олардың проблемаларының шешімін идеяға айналдыра біліңіз. Оған мысалдар да көп.
Эдвин Лэнд өзінің үш жасар қызымен серуендеп жүрген еді. Кенеттен қызы одан неге қазір ғана түсірген суретті дереу көруге болмайды деп сұрайды. Керемет! Лэндтің басына лезде суретке түсіретін фотокамера мен таспаны жасап шығару туралы ой келеді. Ол «Polaroid» компаниясының патенттер жөніндегі заңгерімен кездесіп, бес жылдан кейін 60 секунд ішінде дайын суретті шығарып беретін «Land» фотоаппаратын таныстырды.
Немесе, Джозефин Кочрейн беделді мейрамхананың бастығы еді. Ол өз қызметкерлерінің қымбат ыдыстарды жуу кезінде сындырғанына көне алмай, ыдыс жуатын машинаны ойлап шығарды.
Жазира САМИДИНОВА "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024