Бизнес жүргізуді жеңілдетуге бағытталған заңнамалық бастаманың жаңа пакеті қабылданды
Аcтана. 2 қазан. 7kun.kz — 2017 жылдың І тоқсанында Қазақстанның бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингісіндегі орнын жақсартуға бағытталған заңнамалық бастамалардың жаңа пакеті қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Соның ішінде, түзетулер миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғауға, салық салу саласындағы рәсімдерді жеңілдетуге, несиелер алып, құрылысқа рұқсат алуға бағытталған, олардың аясында шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері электрондық тіркелу кезінде бір уақытта банктермен және сақтандыру ұйымдарымен шартқа қол қоя алады. Сондай-ақ, қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне тұра алады, сотқа арыз беру рәсімдері жеңілдетілген, жаңа құрылыс нысандарына техникалық төлқұжат әзірлеу талаптары алынып тасталған.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Кейбір заңнамалық актілерге кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленіп, Үкіметке жіберілген.
Еске салсақ, Қазақстан түрлі халықаралық рейтингтердегі орнын жақсартқан. «Doing Business» рейтингісінің нәтижесі бойынша Қазақстан 2016 жылы 190 экономика арасында 35-орында тұрақтады, осылайша рейтингісін 16 орынға жоғарылатты. Дүниежүзілік банк тобы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар елімізде бизнес жүргізу шарттарын айтарлықтай жеңілдететінін мәлімдеді.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024