Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz - Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасындағы әйелдердің үлесі (әсіресе шағын және орта бизнесте) 50 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова айтты.
Сонымен қатар ол, Қазақстанда жүргізіліп жатқан гендерлік теңдік саясатының жұмысы туралы да әңгімелеп берді.
«Бұл мәселе біз үшін өте маңызды әрі ол әрдайым күн тәртібінде. Соңғы жылдары бірқатар тұжырымдамалық құжаттар қабылданды. Олардың ішінде 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бар. Бұл стратегия өз жұмысын аяқтап, 2030 жылға дейінгі жаңа гендерлік даму тұжырымдамасы қабылданды. ЕҚЫҰ-ның қолдауымен біз ерлер мен әйелдердің теңдігі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөнінде екі заң қабылдадық. Бұл заңдар жұмыс істеп тұр. Уақыт талабына сай оларға өзгерістер енгізіледі», - деді ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесуі кезінде Гүлшара Әбдіхалықова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан экономикасындағы әйелдердің үлесі (әсіресе шағын және орта бизнесте) 50 пайызды құрайды. Парламент Мәжілісінде бұл көрсеткіш 27 пайыз, мәслихаттарда 22 пайыздан 30 пайызға дейін жеткен.
«Елде әйелдер қоғамдық және саяси өмірде, экономикада, әлеуметтік салаларда жұмыс істей алатындай жағдай жасалған» - деді Мемлекеттік хатшы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024