Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі жасалады
Алматы. 31 шілде. 7kun.kz - Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі анықталады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы өңірлерде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу арқылы орындалып жатыр. Бүгінгі таңда бизнес-ортаны ел іші және еларалық деңгейлерде зерттеуге бағытталған әлемдік баламалы тәжірибені ескере отырып, тиісті әдістеме жасалған. Өңірлер мен қалаларда бизнесті жүргізу жағдайы 5 фактор аясында, яғни реттеушілік климат, бизнеске қаржының қолжетімдігі, адами капитал, бизнес инфрақұрылымы, қабылданатын шешімдердің ашықтығы бойынша бағаланады»,-деді Тимур Сүлейменов.
Оның сөзіне қарағанда, рейтингті дайындау барысында барлығы 8 мың 120-дан кем емес респондент сұралады. Сонымен қатар, бағалау екі деңгейде қамтылады. Бұл ретте өңірлік бағытта 14 облыс пен Астана және Алматы қалалары, ал қалалық бағалауда 55 шаһарды салыстыру арқылы жүргізіледі.
«Демек, рейтингті дайындау барысында кәсіпкерлікті дамытудағы проблемалық аспектілері анықталып, сондай-ақ бизнес пікірі бойынша, аймақтар мен қалаларда іскер ортаның жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныстар көрсетілетін болады», - деді министр.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024