
Астана. 17 сәуір. 7kun.kz - Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс бабымен АҚШ-та болып қайтты. Онда Bloomberg-тің жақын арада Астанада офис ашатыны мәлім болды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Жұмыс сапары аясында Сағынтаев Bloomberg компаниясының басшысы және Нью-Йорктің экс-мэры Блумбергпен кездесті. Олар Қазақстан қаржы нарығын дамытудағы серіктестік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, компания офисімен танысты.
[caption id="attachment_67593" align="alignnone" width="700"]
Келіссөз нәтижесінде Астанада Блумберг телеканалы мен офисі ашылатын болды.
Еске салсақ, президент тапсымасы бойынша, премьер-министр 11-14 сәуір аралығында АҚШ-қа барды. Онда әлемдік компаниялар басшыларымен кездесу өткізді.