Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Bloomberg-тің 2018 жылғы «Робин Гуд индексі» нәтижесі бойынша тап қазіргі уақытта ең ауқатты қазақстандық - Болат Өтемұратов. Оның байлығы 3,3 млрд доллар деп бағаланған, деп хабарлайды abctv.kz.
Есептеу барысында индекс авторлары халықаралық валюта қорының (МҺХВҚ) мәліметі бойынша берілген үкіметтің жылдық шығынын қолданған. Қазақстанның мемлекеттік шығындары елдің ЖІӨ-нен (170,3 млрд доллар) 21,7 пайызды құрайды. Бұл қайта есептеуде 37 млрд долларға жуық сан. Осыған қарап, Болат Өтемұратовтың байлығы үкімет шығындарын 33 күн бойы жаба алады деуге болады.
Жалпы индексте 49 ел көрсетілген. Ал Ангола, Аустралия, Чили және Нидерланд елдерінің ең ауқатты адамдары әйелдер екен. Индекске сенер болсақ, әлемдегі ең бай үкімет – Қытай, Жапония және Польша. Бұл елдердің ең ауқатты азаматтарының байлығы, нақтырақ айтсақ, Джек Маның байлығы - 45,5 млрд доллар, Тадаси Янанидікі - 20,6 млрд доллар, Зигмунд Соларц-Зактың байлығы - 2,7 млрд доллар.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024