2016 жылдың IV тоқсанында Brent маркалы мұнайдың бағасы 48 долларға, ал WTI 46 долларға бағалануы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
АҚШ энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі өндірілетін мұнайың көлемі 4 тоқсанда 7%-ға немесе тәулігіне баррелі бірінші тоқсанмен салыстырғана 620 мыңға азаяды.
Sanford C. Bernstein & Co компаниясының сарапшыдарының болжауынша, Ресейдегі мұнай өндіру ісі 1,3%-ға немесе тәулігіне 150 мың баррелге қысқарады. Ал бұдан бұрын халықаралық энергетика агенттігі ОПЕК-ке мүше емес елдерде мұнай өндірісі тәулігіне 600 мың баррелге қысқаруы мүмкін екенін айтқан болатын, деп жазады РБК.
"Сұраныстың артуы мен АҚШ-тағы шикізат өндірісінң азаюынан жыл соңына қарай нарықта баға 40-50 долларға жетеді", - деп хабарлады Bloomberg-ке Saxo Bank-тің шикізат нарығы сараптама департаментінің басшысы Уле Хансен электронды пошта арқылы.
ВР мұнай компаниясының басшысы Боб Дадли де Bloomberg Television-ға осы жылдың екінші тоқсанынан бастап мұнайдың бағасы ұсыныс пен сұраныстың тең болуына байланысты болатынын айтқан. Алайда алғашқы жарты жылдықта нарықта артық өндіріспен күресу барысында қиындықтар болады.
Фото:kapital.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024