Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

«Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі  ұзартылды

Алматы. 15 қыркүйек. 7kun.kz — Бұйрыққа сәйкес «Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі 16 қазанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

2017 жылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 251 стипендия тағайындалды. Олардың 223-і магистратура, 16-сы докторантура, 12-сі тағылымдама бағдарламалары бойынша.

Еске салсақ, 2017 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсуге 600 стипендия бөлінді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы