Алмалы аудандық ІІБ журналист Ботагөз Жұманованың соққыға жығылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.
"Іс сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді. Қазір жағдайға байланысты күдіктінің жеке тұлғасын тану жұмысы жүргізіліп жатыр. Полицияның қарауында соққыға байланысты подъезде жазылған видеожазба бар. Жазбада шын мәнінде Ботагөз Жұмановаға шабуыл жасалған. Тергеу ісімен Алмалы ауданының ІІБ айналысып жатыр. Бастапқыда жағдай тонау ретінде қарастырылған, бірақ бейнежазбадан соң іс басқаша екені анықталды. Сондықтан іс қайта қаралады", - деді баспасөз хатшысы.
Еске салайық, сенбі күні танымал журналист Ботагөз Жұманованың 8 қазан күні соққыға жығылғаны туралы хабар тараған еді. Журналистің достары болған оқиғаны оның журналистік қызметімен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024