Астана. 19 сәуір. 7kun.kz - ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Владимир Божко су тасқынына қатысты өз пікірін білдірді.
"Кешіріңіздер, бірақ су қоры 2014 жылдағы апаттан қарағанда 50 пайызға көп болған кезде табиғатқа қарсы тұра алмайсың. БҰҰ қорытындысы бойынша, климатқа байланысты табиғат апаттары әлі де көбейеді. Сондықтан бұл адами емес табиғат факторы. Оның үстіне инженерлік қамсыздандыруға баса назар аудару керек", - деп атап өтті Божко.
Сонымен қатар, ол мәжіліс депутаттарының өз жалақыларынсу тасқынынан зардап шеккендерге көмекке жіберуге келіскендіктерін айтты.
Бұған дейін, палатаның пленарлы отырысында Владислав Косарев Қазақстанның премьер-министріне өтініш білдірді. Ол елдегі су тасқыны жағдайының күрделі екендігін жеткізіп, осындай мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарлама құруды ұсынған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024