Мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 доллар болуы мүмкін. Бұлай деуге себеп - келер жылғы АҚШ-тағы өндіріс көлемінің азаюы деп есептейді BP Capital LLC хедж-қорының негізін қалаушысы, басшысы, сарапшы Бун Пикенс.
BP Capital-дың энергетикалық секторға инвестиция құятын екі қоры мұнай сатып алады деп мәлімдеді хедж-қордың бас инвестициялық директоры Дэвид Мини "Біз барреліне 100 доллар болатын мұнай бағасы қайта оралмайды деп ойлайтындардың қатарынан емеспіз, - дейді Д.Мини. - Қысқа мерзімді бағалардың кері серпілу мүмкіндігіне қарамастан, болашақта өндірісті дамыту үшін мұнай бағасының жоғары болуы керек". WTI мұнайының бағасы алты жылда максимал деңгей - 40 пайызға көтерілді. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың наурыз айында байқалды. Д.Минидің болжамы бойынша, мұнай бағасы 2015 жылдың соңына дейін барреліне 70 доллар болып көтерілуі мүмкін. АҚШ Энергетика министрлігінің бағалауы бойынша, елдегі мұнай өндірісі өткен аптада тәулігіне 9,37 млн баррельді құраған. "АҚШ мұнай өндірісі өзінің шыңына шықты деп ойлаймыз, - дейді Д.Мини. - 2015 жылдың соңына қарай елдегі мұнай өндірісінің көлемі өткен жылдың көрсеткішімен бірдей болуы мүмкін". WTI мұнайының маусым айындағы фьючерсі Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудасында 0,4 долларға төмендеп (0,67%) , барреліне 59,48 долларды құрады. Brent мұнайының шілде айындағы фьючерсі ICE Futures лондон биржасында 0,22 долларға азайып (0,33%), барреліне 66,48 доллар болды.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024