Батыс Қазақстан облысы. 17 қазан. 7kun.kz – 15 жастағы бала оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оқиға Бөкейорда ауданы Ханордасы ауылында болған.
«2022 жылдың 4 қазанында сағат 21.00-де Батыс Қазақстан облысы Хан Орда кентіндегі Мәметова көшесінде орналасқан үйдің ауласындағы гаражда 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала байқаусызда АТА ARMS маркалы мылтықтан 2007 жылы туған жасөспірімге оқ атқан», – деп хабарлады жергілікті полиция қызметінде.
Іштің оқ жарақатын алған бала орталық ауруханаға жатқызылды. Мылтық оның 1994 жылы туған ағасына тиесілі болған.
Қазіргі аталған факті бойынша ҚК-нің 114-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және атыс қаруының иесіне қатысты Қазақстан ӘК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024