БҚО. 7 қыркүйек. 7kun.kz – Батыс Қазақстан облысында 5 жасар бала ескі тоңазытқыштың ішіне кіріп, кілттеніп қалған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қайғылы оқиға 8 тамызда болған.
27 жастағы әйел полицияға сол күні үш кішкентай баласы далада ойнап жүргенін айтқан. Кешке балалардың екеуі ғана үйге қайтқан.
«Әйел кенже ұлын аудан бойынша бір сағат бойы іздеген. Кейін үйінің ауласындағы ескі жұмыс істемейтін тоңазытқышты қарауды ұйғарған. Нәтижесінде тоңазытқыштан баланың денесін тапқан. Жас ана жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады», – деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ПД қызметкерлерінің айтуынша, кеңестік тоңазытқышта есіктің металл тұтқасында орналасқан автоматты құлыптау жүйесі болған. Егер есікті итерсе, құлып жабылып қалады. Тоңазытқыштың сыртындағы тұтқаны тартып алғанша, тоңазытқышты ішінен ашу мүмкін емес.
Сотқа дейінгі тергеу аясында баланың мәйітіне медициналық зерттеу тағайындалды. Аталған дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024