БҚО-да «Қазпоштаның» екі қызметкері 37 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған

БҚО. 25 тамыз. 7kun.kz – Батыс Қазақстан облысында «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау дерегін анықтады.
«Барлығы 37 миллион теңгеден аса ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдары ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 миллион теңгеден аса қаражатын иемденіп алған», – делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, олар 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025