Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бразилия мен Қытай 53 миллиард долларға келісімдер жасасты

Бразилия мен Қытай 53 миллиард долларға келісімдер жасасты

ҚХР Бразилия инфрақұрылымына 50 млрд доллар инвестиция салып, өңдеуші секторға 16 млрд долларға несие беріп отыр және онға жуық бразилиялық ұшақты сатып алмақ деп жазады Вести Экономика.

Қытай премьер министрі Ли Кэцян мен Бразилия президенті Дилма Русефф арасындағы кездесу барысында он миллиардтаған долларлық келісімдер мен мәмілелер туралы жария етілді. Ең ірісі - ICBC қытайлық мемлекеттік банк пен бразилиялық Caixa Economica Federal банкінің негізінде инфрақұрылымдық қорды құру. Бұл жобаның капиталы - 50 млрд доллар. Бразилия келешекте 11 мың км темір жол мен 7 мың км автомагистраль салмақ. Сонымен қатар ҚХР шикізат секторына қолдау көрсепек. Petrobras мұнай компаниясы Қытай банктеріне 10 млрд доллар сомасына несие алады. ICBC банкі темір кенін өндіру бойынша әлемдік көшбасшы Vale компаниясына 6,5 млрд доллар қарыз береді. Қытай елі Бразилиядан миллиард долларға 20 Embraer ұшағын сатып алады. Жоспар бойынша келшекте 2 млрд лолларға тағы 20 ұшақ алынады. Сондай-ақ ҚХР сиыр еті жеткізілімінің эмбаргосын алып тастайды. Бразилияның Ауыл шаруашылығы министрлігінің берген бағасына сүйенсек, осы жылы ет экспортынан түсетін қосымша табыс жарты миллиард долларды қамтымақ.

Похожие материалы