Өткен бірнеше аптада мұнайдың нарыққа барреліне 50 доллардан жоғары болып кіруі бағаның бұлай бекітілуінің негізділігіне қатысты біраз пікірталас тудырғандықтан, мұнайдың эталонды сорттарының қазіргі бағасы қысымға ұшырады деп хабарлайды FOREXCLUB. Бұл туралы Kapital.kz басылымы жазды.
Brent бағасы 10 айдан бері максимумына жеткеннен соң, мұның негізділігіне қатысты нарықта пікірталас басталып кетті. Одан бөлек, сланцты компаниялар нарыққа мұнай бағасы барреліне 50 доллар болатындай етіп қайтаруы мүмкін, ал бұл АҚШ-тың аталған шикізатты өндіру қорын азайтуға алып келеді. Ал Канада мен Нигерияның нарыққа мұнай шығармауы уақытша құбылыс деп бағаланып отыр. Себебі, Альбертте болған орман өрті қазір толықтай бақылауға алынып, жағдай қалыпқа келіп жатыр. «Алайда баға барреліне 50 доллардан түсуі әзірге мүмкін емес. Себебі Нигерияның мұнайына, кейбір деректерге сәйкес, нарықта күніне 800 мыңдай баррель сұраныс туғанмен, тасымалдану әлі басталмады. Оның үстіне, мұнайлы құмдардан болған Канададағы Альберт орман өрттерінің салдарынан нарықтан шығып қалғанымен қоса, 2015 жылы бағаның түскенінен нарықтан кетіп қалғаны тағы бар. Осылайша, нарықта мұнай қоры айтарлықтай азайып, оған сұраныс әлі де жоғары болып отыр», - дейді сарапшы Валерий Полховский.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024