
Астана. 10 қараша. 7kun.kz - Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсі 0,44 долларға өсіп, барреліне 63,93 долларды құрады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айында жеткізілетін фьючерстері 0,36 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 57,17 долларды құрады.