Британдық Barclays банкі 132 000 қызметкерінің отыз мыңын қысқартпақшы деп хабарлайды Times банк басшылығындағы дереккөзіне сілтеме жасап.
Өз көрсеткіштерін орындамай жүрген банк үшін жұмыс күшін азайту бағдарламасы жалғыз шешім болып тұр деп атап өтеді басылым. Осы қадам арқылы банк акциялар құнын 2 есе өсіруді жоспарлап отыр.
Қысқарту бэк-кеңселер мен банктің операциялық кеңселеріне қатысты болмақ. Қаржы мекемесінің өзі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.
Шілденің басында Barclays-тың бас атқарушы директор Энтони Дженкинс даму қарқынын тездету ниетіне байланысты отставкаға кеткен еді. Қазір оның міндетін Джон МакФарлейн атқарады. Отставкадан бір күн бұрын Дженкинс The Guardian-ға банктың алғашқы 3 жылда 19 000 қызметкерін қысқартуы туралы жоспарын хабарлады. Оның сөзінше, адам еңбегін технологиямен алмастыруға байланысты персонал 100 000 адамға дейін де азайтылуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024