Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰБТ-2015: Үшінші күннің нәтижесі

ҰБТ-2015: Үшінші күннің нәтижесі
4-маусым күні Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) республика бойынша 61 бөлімшеде өткізілді. Тестілеуге өтініш берген жалпы саны 59 195 түлектің 56 318-і (95,1 пайыз) қатысқан. ҰБТ-ның үшінші күні орташа балл 78,4 пайызды құрады. 3 154 оқушы (16,4 пайыз) 100 баллдан жоғары жинады. Өткен жылы бұл көрсеткіш бұдан сәл жоғары болатын - 16,7 пайыз немесе 4 018 түлек. Сонымен қатар, 9 оқушының тестілеу нәтижесі жойылған. Межелі 50 баллды 3 992 түлек немесе 20,7 пайызы жинай алмады. Мүмкін болған 125 баллды Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі Абдазимова Лаура және Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының "Үміт" лингвистикалық гимназиясының түлегі Самат Сымбат алды. 2014-2015 оқу жылындағы ҰБТ-ның бірінші және екінші күнгі нәтижелерін осыған дейін жазған болатынбыз.    

Похожие материалы