Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсырушы түлектерден аудиторияға кіре берісте телефондар, калькуляторлар мен шпаргалкаларды жинап алды.
Осылайша, алынған телефондардың саны 90 мыңнан асты, калькуляторлар – 28 мың және шпаргалкалар – екі мыңға жуық. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов Facebook парақшасында хабарлады.
"90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка ҰБТ-да тәркіленді… Құрметті ата-аналар мен мұғалімдер, балаларды жүйені алдау қабілетіне емес, адал бәсекелестік пен білім көрсетуге дайындайық…", - деді Дидар Смағұлов.
Еске сала кетейік, 2019 жылы оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуді 20-30 маусым аралығында тапсырды. ҰБТ-ға 117 мыңнан астам түлек кірді. Тестілеу кезеңінде тәртіп бұзғаны үшін төрт адам аудиториядан шығарылды.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





