Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БТА банкінің бұрынғы топ-менеджерінің жазасы жеңілдетілді

БТА банкінің бұрынғы топ-менеджерінің жазасы жеңілдетілді

Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz - Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы БТА банкінің несиелендіру бойынша экс-директоры Қайрат Садықов ісін қайта қарастырды. Оның жазасы шартты мерзімге алмастырылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұхтар Әблязов, Жақсылық Жарымбетов, Сәдуақас Мамешке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Ал Қайрат Садықовқа қатысты үкімге өзгеріс енгізілді. Оған ҚР ҚК 3 бөлімі 58 бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру, 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды және банктік ұйымдарда кәсіби міндеттер атқаруына 3 жылға шектеу қойылды. ҚР ҚК 63 бабына сәйкес Садықовқа тағылған айып шартты негізде болып есептеледі», - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ, бірінші инстанциялы сотта қылмыстық істің басқа фигуранттары - Садуақас Мамеш пен Жақсылық Жарымбетов кіналарын толықтай мойындады. Олардың әрқайсына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды. Ал Қайрат Садықов өз кінәсін жартылай ғана мойындап, 15 жылға қамауға алынған болатын.

Одан бөлек, істің бас фигуранты Мұхтар Әблязовты сот сырттай 20 жылға бас бостанығынан айыру үкімін шығарды.

Похожие материалы