Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заңға сәйкес 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді.
Өз алдына бөлек ел болып, тәуелсіздіктің туын желбіретсек деген бабалар арманы 1991 жылы орындалды. Алдымен, 1991 жылдың 1 желтоқсанында еліміз тарихындағы алғашқы Президент сайлауында халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беріп, Тұңғыш Президентін сайлады. Ал, 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылдады. Аталған құжатқа сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз "Тәуелсіздігін" жариялады.
Тәуелсіз елімізді 27 жыл бойы басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы елімізде әр жылдары өткен Президент сайлауында халықтың басым қолдауына ие болды. Соңғы рет, 2011 жылы кезектен тыс болған сайлау кезінде халықтың 95,5 % пайызы өз болашағын Н.Назарбаевқа сеніп тапсырды.
Тұңғыш Президент күні - Елбасының еңбегі ақталып, оған деген халықтың ыстық ықыласын көрсететін күн. Сондықтан, ел аумағында көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, мемлекеттік мейрам ретінде тойланады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024