Бүгіннен бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды
Алматы. 1 қаңтар. 7kun.kz - Бұған дейін жоспарланғандай Қазақстанда МӘМС жүйесі бүгіннен бастап іске қосылды.
Бұл бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна аударуды бастаған болатын.
Жұмыс берушілер жалақы қорынан 2%, жұмысшылар - жалақының 1% төлейді.
Жеке кәсіпкерлерге, жеке тәжірибесімен айналысатын тұлғаларға және шаруа қожалықтары еңбекақының 5% немесе азаматтық-құқықтық сипат келісімдері бойынша жұмыс істейтіндер үшін - кірістің 1%, дербес төлеушілерден - ең төменгі жалақы мөлшерінен 5% алынады.
МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына
жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмектің тең,
қолжетімді болуына кепілдік береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024