Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бүкіл Қазақстан бойынша дауыс беру аяқталды

Бүкіл Қазақстан бойынша дауыс беру аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. 5 маусым. 7kun.kz – Астана уақытымен сағат 21.00-де еліміздің барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 және 10 шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 12 сайлау учаскесінде жұмыс аяқталып, комиссия мүшелері дауыс санауға кіріскен еді. Ал дәл қазір сағат 21.00-де Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы 1 858 учаскеде өңір тұрғындары дауыс беріп болды.

Сонымен қатар, шет елдердегі 5 учаске де жұмысын тоқтатты. Оның барлығында комиссия мүшелері дауыс санауға кірісті. Қазіргі уақытта шет елдердегі 48 учаскеде ғана дауыс беру жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 936 655 адам дауыс берді. Бұл - дауыс беру тізіміне енген азаматтардың 67,65 пайызын құрайды.

Похожие материалы