Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz – Ақмола облысының Шортанды-Бурабай курорттық аймағында еліміздегі ең ірі қайырымдылық іс-шара – жетінші Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар іс-шараның форматын жаңартты.
Фестиваль басталғанға дейін тіркеу және қайырымдылық жарналарының арқасында 130 млн теңге сома жиналды. Фестивальдің бірінші күні мейман меценаттардың арасында өткізілген аукцион Burabike Fest қорына 164 млн теңге әкелді. Барлық қалаған меймандардың қатысуға мүмкіндігі болған аукционнан түсімді, жеке құрмалдықтар мен брендті спорттық киімді сатудан түскен қаражатты қоса алғанда, екінші күннің жиыны 6,2 млн теңгені құрады. Сөйтіп, биылғы жылы 300,2 млн теңге рекордты сома жиналды, ал Burabike Fest өткізудің бүкіл тарихында қайырымдылық жиын 1 млрд теңге деңгейіне жетті.
Іс-шараның жаңа форматы Rixos Borovoe отелінің аумағында көбірек мейманды қабылдауға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде олардың саны 4 мың адамға, өткен жылға қарағанда 1,5 мыңға артық цифрға жетті. Кеңейтілген бағдарламаға 35 км және 70 км қашықтыққа әуесқойлық веложарыс, сондай-ақ 10 км қашықтыққа велошеру, аукциондар, күндізгі Open Air, теннис турнирі және қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен концерт кірді.
Жыл сайын фестивальге бас менеджері Александр Винокуровтың жетекшілігімен «Астана» велокомандасы қатысады. Жиналған қаражат (қатысушылардың тіркелу жарналары, қайырымдылық аукциондардан түсім, меценаттар мен демеушілердің жарналары, брендті спорттық жабдықтаманы сатудан түсім) Қазақстанның аймақтарындағы балалар ауруханаларын, емханалар мен перзентханаларды өмірлік маңызды медициналық жабдықпен жарақтауға бағытталады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024